Меню KDT

logo.png?_=1675255688

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Тайынша ауданының білім бөлімі»КММ  «Тайынша қаласының № 5 орта мектебі»КММ 
  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    #біртұтастәрбие #қауіпсіздікережелері #жаңажылқауіпсіздгі #қысқыдемалыс #атанағажадынама Қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережесі Ата-ана, ұл-қыздарыңыздың қауіпсіздік ережесі есіңізде болсын! Жаңа жылдық шырша кезінде қоғамдық орындарда және басқа адамдар көп жиналатын орындарда өзін-өзі ұстау ережелері: Мектептің мәжіліс залындағы жаңа жылдық қойылымға келген оқушылар сынып жетекшісінің нұсқауларын орындауы қажет және жаңа жылдық іс-шаралар кезінде әдеттегі өрт қауіпсіздігі ережелерінен басқа, мереке күндерінен тек жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік беретін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек. Сонымен қатар, Жаңа жылдық шыршаның безендірулерін қолмен ұстамау, электр тоқтарын рұқсатсыз пайдаланбау, гирляндаларды қолмен ұстамау, ғимаратта от жағуға, петарда мен бенгал шамдарын қолдануға және отшашу атуға болмайды. Сондай-ақ, пиротехникалық құралдарды пайдалану жолын түсінбесеңіз және нұсқаулықта көрсетілмеген болса немесе сіз түсінбейтін тілде жазылған болса қолданбаңыз. Пиротехникалық құралдарды пайдалануға және іс-шараға өткір және тесетін заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Тәртіпті сақтау, қауіп төндіретін және төтенше жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу, іс-шаралар аяқталғаннан кейін ғимараттан ұйымдасқан түрде шығу. Жол қауіпсіздігін сақтауды ескертеміз. Қатаң тыйым салынады. - пиротехникалық заттарды қалтада ұстауға; - тұтану кезінде фитильді бетке жақын ұстауға; - қатты желде пиротехникалық құралдарды қолдануға; - адамдарға зымырандар мен отшашуларды бағыттауға; - адамдардың аяқтарының астына петарда лақтыруға; - жанып тұрған отшашулардың үстінен үңіліп қарауға; - жанып тұрған пиротехникалық заттарға 15 метрден жақынырақ қарауға болмайтындығын қатаң ескертеміз. Оқушылардың (ұл-қыздарыңыздың) каникул күндерінде ұзақ жолға шығуына, қыдыруына, қауіпсіздігіне ата-ана жауапты екендігін ескертеміз. Салтанатты дастархан ұйымдастырға/вечер/ тыйым салынады, қысқы каникул күндерінде оқушылар арасында әлімжеттік пен келеңсіз жағдайлардан аулақ болу ескертіледі, түнде қаңғыбастықтың алдын алуда, 22:00 ден 06:00 дейін үй жайдан тыс жерде болуға қатаң тыйым салынады.


    23.12.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Мектеп директорының м.а.

    Полезные ссылки