#Біртұтастәрбие #кәсіптікбағдар Мамандық таңдау - адам өміріндегі маңызды шешім.Мектеп ұясынан ұшып, жаңа өмірдің тұтқасын ұстаған жас түлектерді жиі толғандыратын мәселелердің бірі – мамандық таңдау. Сондықтан да жастарымыз «Кім боламын?» деген сұраққа ұзақ жауап іздейді. Қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеріп, бүгінде елімізде талап етілетін мамандықтар жайлы мағлұмат беру мақсатында 8 сынып оқушыларымен "Нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар "тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.Өз ісінің нағыз маманы атану екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Нағыз маман – өз ісінің қыр- сырын біліп қана қоймай, өз жұмысының патриоты болуы керек. Бүгінде жастарымыздың көпшілігі мамандық таңдауда қателесіп жатады. Бірі мамандықты өзі қаламай таңдаса,бірі грант үшін,ал енді бірі жалақысы жоғары мамандықтарды таңдағанды жөн көреді.Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін адамға тұрақты жұмыс қажет. Білімге, дағдыға және адам қабілетіне байланысты мамандықтар болашақтың іргесін нық қалайды.Сол себепті болашақта да қажет етілетін мамандықтарды біле жүріңіздер.